Ұжымдағы ауызбіршілікті реттеу тақырыбында тренинг жүргізілді

Қазіргі қоғамда қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр. Күнделікті өмірде әріптестермен қарым-қатынас барысында келеңсіздіктер, келіспеушіліктер орын алып жатады. Әрине мұның бәрі көбінде адамдардың өз іс-әрекетін дұрыс басқара алмаудан, сонымен қатар өзін-өзі ретке келтірудің әдіс тәсілдерін білмеуден болады. Күнделікті күйбең тіршілік, жұмысбастылық, стресс т.б қызметкерлердің жүйке жүйесіне өз әсерін қалдырмай қоймайды. Осыған орай, Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлерімен «Ұжымдағы ауызбіршілікті, ұйымшылдықты, конфликт жағдайларын реттеу» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында қызметкерлер өз ойларын ашық айтып, күнделікті өмірде дұрыс қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын сезініп және де бір біріне алдағы күндеріне сәттілік тіледі. Нәтижесінде қызметкерлердің көңіл күйлері көтеріліп, сергіп жеңілдену сезімдері байқалды. Жалпы тренингке барлығы 65 қызметкер қатысты. Мұндай психологиялық тренингтердің маңыздылығы – ұжымдағы қарым-қатынас үрдісінің сапалық өзгеруі, ұжымдық қалыптасу нәтижесі болатын механизм алғы шарттардың бірі болып табылады.

Шымкент қаласы ТЖД