Ұлдар ұйымының жиналысы өтті

Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Осы орайда, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №52 мектеп-лицейінде құқықбұзушылықтың, сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жоғары сынып оқушыларының ұл балаларына жиын ұйымдастырылды. Жиынға Шымкент қаласы ПД АБАЙ АПБ ЖПҚ ЮПБ АҒА УПИ полиция майоры Хамитов Рахимжан Жалелович,

директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Жетписбаева, А. Қонаров, педагог-ұйымдастырушы Т.Құрманбаева, тарих пəнінің мұғалімі З.Кенжебекова қатысып, құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық арттыру бойынша баяндамалар оқылып, күзгі демалыс кезіндегі рейд барысындағы жұмыстар көрсетіліп, оқушылардың түнгі уақытта ата-анасынсыз жүрмеуі қатаң ескертілді.

Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу бойынша баяндамалар оқып, жат ағымдардан сақ болу үшін бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар осы  №52 мектеп-лицеінде 14.09.22 күні 8-9 сыныптарының арасында ұлдар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық 2.Мектептің ішкі тәртіп ережесі 3. Әр түрлі мәселелер Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жөнінде полиция майоры Р.Хамитов әңгіме жүргізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, жасөпірімдердің құқықтық міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. 2-ші мәселе бойынша Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Жетписбаева мектептің ішкі тәртіп ережелерімен, мектеп формасы, асханадағы тәртіп ережесі, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін жөнінде мағлұмат айтты