«Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы»

«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді.

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің ұл балаларының қатысуымен, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық пен әлімжеттіліктің алдын алу, сонымен қатар қаржы пирамидасы мен алаяқтық тұзағынан сақтау және алдын алу мақсатында «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» атты құқық қорғау органдарының мамандарымен кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қалалық полиция департаменті, Қаратау аудандық полиция басқармасы, жергілікті полиция қызмет бөлімшесі, ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры А.Қалдыбеков және полиция капитаны М.Тоғаев қатысты.

Мамандар студенттерге қаржы пирамидасы мен алаяқтық тұзағынан сақтану, зорлық-зомбылық көрсету қауіп-қатерлерінен және белгілерінен хабардарлығын арттыруға көңіл бөлудің маңыздылығын қамтыды.

Сонымен қатар Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде «Аналар мектебі» жоспарының аясында ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қазақ қоғамында қыз тәрбиесіндегі ананың ролі» атты кездесу өтті. Кездесуге Аналар мектебінің мүшелері Қарабаева Жанар, Орынбаева Сапаркүл және Жастар арасында құқық бұзушылықтың, сонымен қатар қаржы пирамидасы мен алаяқтық тұзағынан сақтау мақсатында Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлары-полиция капитаны Асылзада Алдабергенова, аға лейтенант Анара Исмайлова қатысты.