Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің маңыздылығы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев сот төрелігіне ерекше назар аударып, судьялардың бейтарап, әділ шешім шығаратын сенімге ие болу керектігін атап өтті.

         Сот төрелігінің халықтың соттарға деген сенімін арттыру – басты мақсат.

Осы мақсатты жүзеге асырудың бір маңызды тетігі 2021 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексі.

Кодекс өз кезегінде әкімшілік рәсімдерді және әкімшілік сот ісін жүргізу бөліктерінен тұрады.

Әкімшілік әділет жүйесінің басты мақсаты жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын кеңейту, күшейту екені анық.

Кодекс сот шешімін орындауды бақылау құзыретін жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жүктеген, бұл әрине осы маңызды саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын күшейтеді.

Нақтырақ айтқанда, Кодекстің негізгі мәні тұлғалардың әкімшілік органға жүгінуі нәтижесінде қабылданатып әкімшілік акті, оны орындау, заңсыз актіні заңсыз деп тану, жоюмен байланысты әкімшілік органдарының қызметі, сондай-ақ әкімшілік орган және соттың дауларды шешу тәртібі болып табылады. Кодекстің тағы бір жаңашылдығы ендігі жерде сотта әкішілік іс қаралғанда дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен күмәнді тұстар азаматтардың мүделлерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс.

Г.Ахметова, Арыс аудандық сотының кеңсе меңгерушісі