Әкім ардақты аналарды құттықтады

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай қала басшысы Қадырбек Мұрат Болатұлы көпбалалы аналардың шаңырақтарында болды деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде қала басшысы әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Ар-намысты жалау еткен асыл аналарды ардақтау шарасы барысында қала басшысы әр анамен жеке сұхбат жүргізіп, мерекеге орай сый-сияпат жасады.

Алдымен Ералиева Тұрған әжеміздің үйіне барған Мұрат Болатұлы алтын құрсақты әжемізге ыстық ықыласын, жылы лебізін білдірді.

5 қыз 2 ұлды тәрбиелеп өсірген Тұрған Арысбайқызы «Алтын алқа» иегері. 37 жыл АХАЖ бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған еңбек ардагері бүгінде 15 немере, 8 шөбере сүйіп отыр. Ал ұлдары жеке кәсіпкерлікпен айналысып, қала экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Одан кейін Мұрат Болатұлы үлкен әулеттің ұйытқысы болып отырған 83 жастағы ақ жаулықты Мейіркүл әжеміздің шаңырағына табан тіреп, аналар мерекесімен құттықтады. Батыр ана Мейіркүл апамыздан бүгінгі таңда 8 ұл, 2 қыздан 30 немере, 5 шөбере тараған. Ұзақ жылдар балабақшада жұмыс жасаған Мейіркүл апамыздың ұл-қыздары қазіргі таңда қаламызда түрлі салада қызмет жасап келеді.

Бұдан соң, қала басшысы көп жылдар бойы қаламыздың қалыптасу мен өсіп өркендеу жолында жемісті еңбек еткен, 10 баланы тәрбиелеп өсірген батыр ана Олжатаева Сапаркүл ананың үйінде болды. Қала басшысы батыр ананы халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлығын табыс етті.

«Баршамыз асыға күтетін ерекше мейрамда ең алдымен аналарымызды ардақтаймыз. Өйткені, адамзат баласы үшін «әлемнің жарығын сыйлаған» жанның орны әрқашан айрықша» — деді қала басшысы.

Өз кезегінде ардақты аналар қала басшысының арнайы құттықтап келгеніне ризашылық білдіріп, алғыстарын айтты. Сондай-ақ Арыс қаласын өркендету бағытындағы бастамаларына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Аким поздравил почтенных матерей

В честь Международного женского дня 8 марта глава города Кадырбек Мурат Болатович посетил дома многодетных матерей передает пресс-служба акима города Арысь. На встрече аким города поздравил с наступающим праздником всех, кто является благодетелем и хранителем семейного очага. В ходе мероприятия по чествованию дорогих матерей, хранящих честь и благородство нации, глава города лично провел беседу с каждой из них и вручил подарки в честь праздника.

Сначала Мурат Болатович посетил дом уважаемой бабушки Ералиевой Турган-апа, где выразил ей признательность и посвятил добрые слова. Турган Арысбаевна, воспитавшая 5 дочерей и 2 сыновей, является обладательницей знака «Алтын алқа».

Проработавшая 37 лет заведующей отделом ЗАГС ветеран труда сегодня – счастливая бабушка 15 внуков, 8 правнуков. А сыновья ее занимаются частным предпринимательством и вносят свой вклад в развитие экономики города.

Затем аким города посетил дом матери-героини Тулендиевой Меиркуль-апа и поздравил с праздником. 83-летняя Меиркуль-апа, являющаяся хранительницей большой династии, на сегодняшний день воспитывает 8 сыновей, 2 дочерей, 30 внуков, 5 правнуков. Много лет проработав в детском саду, она теперь посвятила себя внукам и правнукам. Сыновья и дочери Меиркуль-апа в настоящее время заняты в разных сферах в нашем городе, продолжая достойный путь матери.

После этого М.Кадырбек посетил дом матери-героини Олжатаевой Сапаркуль, которая много лет плодотворно трудилась на пути становления и процветания нашего города, воспитала 10 детей.

Глава города поздравил мать-героиню с Международным женским праздником и вручил подарки.

«Это особый праздник, который мы все с нетерпением ждем, чтобы в первую очередь чествовать наших матерей. Ведь в сердце каждого из нас особое место занимает та, что подарила нам жизнь», — сказал глава города.

В свою очередь благородные матери поблагодарили акима города за посещение и поздравления с праздником. Они также пожелали успехов в начинаниях по развитию города, и дали свое материнское благословение.