Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әлеуеті әлжуаз топтарға дем беруде

Түркістан қаласындағы “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” –көмек көрсету мақсатын арқалаған үлкен ұжым. Әртүрлі тағдырлар тоғысқан орталықта қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлығына бөлеп, олардың өмірін жақсартуға жағдай жасалып келеді. Орталықтың жоспарына сәйкес жыл соңына дейін 840-зейнеткер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қызмет көрсету жоспарланған болатын. Бүгінде оның ішінде 239- азаматқа орталықтағы 7 бағыттың 5 бағыты бойынша 888 қызметі көрсетілді.

         Атап айтсақ, еңбек терапиясы, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша арнайы курстар, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметтік мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу және демалыс шараларын ұйымдастыру бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар мен театр, концерт қойылымдарын тамашалау және мерекелік мәдени іс-шаралары.

         Сондай-ақ, орталықтың қызмет көрсету бағытын дамыту мақсатында жыл соңына дейін йога, айкуне, емдік гимнастика (ЛФК), тұзды шахта іске қосу жоспарлануда.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алушыларға еңбек терапиясында қолөнер бұйымдарын жасау сабақтары жүргізілді. Қазақ халқының қолөнеріне халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнер жиынтықтары кіреді.
Алдағы уақытта қызмет алушыларымыздың қолынан шыққан бұйымдарды сатуға шығарып, қосымша өздеріне табыс табуға мүмкіндік жасау жоспарыбар. Сонымен қатар,» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» қызмет алушы зейнеткерлер “Халықаралық туризм және меймандостық университетінде” өткен Компьютерлік сауаттылықты арттыруға арналған курсқа қатысты.  Түркістан-шығыстың шырайы, Көгіңнен кетпеген күн көзі” атты әдеби күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Ntime.kz