Әлеуметтік жұмыс орындары жас түлектерге тәжірибе алуға мүмкіндік береді

Әлеуметтік жұмыс

Жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік қорғау шараларының бірі – мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары. Әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар бір жылға дейін жұмыспен қамтуға, жас түлектерге алғашқы кәсіби тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Жұмыссыз азаматтарға, бірінші кезекте жастарға еңбек нарығында өз орнын та­бу­ға қолдау ретінде бағдарламада кәсіптік оқытудың бірқатар түрлері қарастырылған.

Бүгінгі бітіруші түлек – ертеңгі жас маман. Елімізде жас мамандарды жұмыспен қамту үшін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қолға алынған.

Шымкентте «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан жастардың қарасы басым.

Осы орайда, Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашақ» колледжінің бітіруші түлектеріне мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Жастар ресурстық орталығы Аутрич және NEET жұмыс бөлімінің инспектр маманы А,Нұрболұлы , Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының «Өңіраралық жұмыспен қамту» бөлімі басшысы Т.Абуталипова және «Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту» бөлімі мамандары Е.Тұрдалы және А.Керімбек қатысты.

Мансап орталығы мамандарының қатысуымен өткен шарада, жастарға арналған бос жұмыс орны, мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалар, кәсіпкерлік және өзге өңірлерге қоныс аудару бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жалпы «Жастар практикасы» жобасы аясында жастардың еңбекақы мөлшері 30 АЕК құрайды. Жұмыспен қамту мерзімі 12 ай. Кәсіби біліктілігін шыңдаған жастар көп жағдайда жұмыс берушінің ұсынысына қарай еңбек жолын сол мекемеде әрі қарай жалғастыруы мүмкін. Жобаға қатысуға ниетті жастар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша Шымкент қаласының «Мансап» орталықтарына жүгіне алады.