«Өзіміздің жарып шығар таланттар тұрғанда шетелді қайтеміз?»

Шымкентте өткен тұңғыш вокалистер байқауында Майра Мұхамедқызы осылай деді. Байқау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Вокал академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы Жастар қанатының Шымкент қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент қалалық Саз колледжінің концерттік залында өтті.Байқаудың мақсаты — вокалдық өнерді насихаттау және дамыту, музыка мектептерінің оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттерінің орындаушылық шеберлігін арттыру, классикалық музыканың үздік үлгілерімен, заманауи авторлардың шығармаларымен танысу және талантты жас әншілердің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту. Сонымен қатар, байқау жас дарынды орындаушыларды анықтап, қазақ классикалық өнерінің беделін көтеруге, жастардың рухани дамуына ықпал ету.Байқау екі номинация, 1 номинация 12 — 14 жас аралығы және 2 номинация 15 – 18 жас аралығы бойынша өтті.I жас вокалистер ашық байқауы Шымкент қаласында алғаш рет өткізілгендіктен, Шымкент қаласымен қатар Түркістан облысы мен Қызылорда облыстарынан 40 үміткер қатысты. Қатысушылардың арасында қалалық, облыстық, Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаттары болды.Байқаудың қазылар алқасына «Вокал академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Азамат Желтыргозов төрағалық етті. Ал, қазылар алқасының құрамында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы, Ресей мен Белоруссияның Үлкен театрларының солисті, Халықаралық конкурстардың лауреаты Екатерина Головлева, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Вокал академиясы» РҚБ жауапты хатшысы Ляйля Сеитова және Халықаралық конкурстардың лауреаты, Шымкент қалалық опера және балет театрының солисті, Шымкент қалалық Саз колледжінің оқытушысы Жұмабек Қаңтарбаев болды.Байқауға қатысушы үміткерлер жақсы дайындықпен келгендерін байқатты және өте тартысты өтті.Байқау нәтижелері былай болды:1 номинация бойынша:I орын — Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжінің студенті Қалмен Ерқанат.II орын — Шымкент қаласындағы балалар эстетикалық саз мектебінің оқушысы Мұхтар Дінмұхамед және Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжінің студенті Маусымбаева Аяулым.III орын — Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, №1 Сайрам балалар саз мектебінің оқушысы Нарбек Әсілай және Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжінің студенті Сағындық Саят.2 номинация бойынша:1 орын — Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжінің студенті Сақитжан Саят.2 орын — Шымкент қалалық Саз колледжінің студенті Нұрланұлы Қуаныш.3 орын — Шымкент қалалық Саз колледжінің студенті Рысбек Асқар.«Карантиннен кейінгі алғашқы конкурс болғандықтан, шындығын айту керек үміткерлерімізге біраз қиындау болды… Дегенімен, байқау жоғары дәрежеде өтті» — деді байқаудың қазылар алқасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Азамат Желтыргозов.Байқау аяқталғаннан кейін, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Азамат Желтыргозов ұстаздар, студенттер және оқушыларға арнап шеберлік сыныптарын өткізді.

АМИНА СЕРКЕБАЕВА «Вокал академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы Жастар қанатының Шымкент қалалық бөлімінің жетекшісі