Өндірістік кооперативтердің өртке қарсы жағдайы тексерілді

Жазғы өрт қауіпті кезеңде шаруа қожалықтарында, өндірістік кооперативтерде өрт қауіпсіздігі ережелеріне барынша назар аудару қажет.
Халықты шөптің өрттеуіне жол бермеу және отты абайсыз қолдану туралы хабардар етуге бағытталған белсенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендердің тұрғындарымен, шаруа қожалықтары мен кооперативтердің өкілдерімен кездесулер мен әңгімелесулер өткізіледі.
Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасының инспекторлары облыстық «Оңтүстік» телеарнасының қатысуымен «Қазығұрт»өндірістік кооперативінде баспасөз турын өткізді.
Басқарма мамандары арнайы техниканы тексеріп, олардың жарамдылығын тексерді. Егіс алқаптарының бойында минералданған жолақтарды жүргізуге ерекше назар аударылды. Кооператив қызметкерлеріне шөппен толып кеткен учаскелер ерекше қауіп төндіретінін еске салды. Сондықтан шөпті уақтылы шабу керек. Жаупсыз меншік иелеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары көзделген.
Жазғы өрт қауіпті кезеңде басты міндет — қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Құрғақ өсімдіктер мен қоқыстарды, жанғыш материалдарды алып тастау, су қорын жасау, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы қажет.

Шымкент қ.ТЖД Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасы