🥋Дзюдошы Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

🥉60 келі салмақта сынға түскен Елдос қола жүлде үшін өткен белдесуде Нидерланд өкілі Торние Цакаджоедан басым түсті. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.🇰🇿ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан үшін қола жүлдемен басталды.