1971 жылы туған ер адам Тараз қалалық сотының ғимаратын жарып жібермекші болған

Өткен жылы құқық қорғау органдарына террористік сипаттағы қауіп-қатермен 2 хабарлама келіп түскен болатын деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

1971 жылы туған ер адам Тараз қалалық сотының ғимаратын жарып жібермекші болған. Аталған  дерек  ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы 1-бөлігі бойынша (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) тіркелді. Ұсталған азамат 2000 жылдан бастап психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды.

Тараз қаласының № 2 соты оны мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

1983 жылы туған тағы бір ер адам 102 пультіне қоңырау шалып, Тараздың шағын аудандарының бірінде үйді жарып жібермекші болғанын хабарлады. Аталған дерек ҚР ҚК 273-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Тараз қаласының №2 соты  оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Құқық қорғау органдарының техникалық  басымдықтары  көрінеу жалған жасырын хабарлама берген адамның орналасқан жерін қысқа мерзімде анықтап табуға мүмкіндік беретінін ескерген жөн.

Ғимаратта немесе аймақ аумағында   болмаған  жарылғыш құрылғы туралы құқық қорғау органдарына хабарлай отырып, жарылғыш заттарды іздеуге және залалсыздандыруға бірден бірнеше құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылатынын есте сақтаңыз.

Түскен ақпаратты нақты қауіп бар жерде тексеруге үлкен күш пен қаражат жұмсалады.

Сонымен қатар, жарылғыш құрылғыларды іздеу қауіпті аймақта болған халықты  әбігерге салатынын да ұмытпаған жөн.

Сондай-ақ, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының назарын Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша жауапкершілік 14 жастан басталатынына аударғымыз келеді.

Мужчина 1971 г.р. грозился взорвать здание Таразского городского суда.

В прошлом году в правоохранительные органы поступило 2 сообщения с угрозами террористического характера передает пресс служба ДП Жамбыльской области.

Мужчина 1971 г.р. грозился взорвать здание Таразского городского суда. Данный факт был зарегистрирован по статье 273 части 1 Уголовного Кодекса РК (заведомо ложное сообщение об акте терроризма). Задержанный с 2000 года состоит на психиатрическом учете.

Суд 2 города Тараза направил его на принудительное лечение.

Ещё один мужчина 1983 г.р. позвонил на пульт 102 и сообщил, что собирается взорвать дом в одном из микрорайонов Тараза. Данный факт зарегистрирован по статье 273 части 1 УК РК. Суд  №2 города Тараза приговорил  к 4 годам лишения свободы.

Стоит учесть, что технические возможности правоохранительных органов позволяют в кратчайший срок установить и определить местонахождение лица, передавшего заведомо ложное анонимное сообщение.

Сообщая правоохранительным органам о несуществующем взрывном устройстве, якобы заложенном в здании или на территории региона, помните, что на поиск и обезвреживание взрывчатых веществ привлекаются сразу несколько сотрудников правоохранительных органов.

На проверку информации затрачиваются огромные силы и средства, необходимые там, где есть реальная угроза.

Кроме того, поиск взрывчатых устройств вызывает панику у населения, оказавшегося в зоне возможной опасности.

Также хотим обратить внимание подростков и их родителей на то, что ответственность по этой статье Уголовного кодекса наступает с 14 лет