21 жастағы азамат көліктің аккумуляторын ұрлап кетті

         Үйінің ауласында тұрған «Mercedes-Benz» маркалы автокөліктің бөлшек-аккумуляторынан айырылып қалды. Оқиға Шымкент қаласында орын алған.

2022 жылдың 24-қарашасында, сағат 11:00-де, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында, үйінің ауласында тұрған «Mercedes-Benz» маркалы автокөліктің аккумуляторын белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 28 мың теңге.⠀

         Аталған дерек ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарды алған бойда, күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындардан сұрастырылып, жауаптар алынды. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 21-де, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, бұл заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын жеткізді. Сондай-ақ, өзі қолды еткен аккумуляторды көлік бөлшектерін сататын дүңгіршектердің біріне апарып, 28 000 теңгеге сатып жібергені белгілі болды.Қазіргі кезде айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

         Жастар мен жасөспірімдер ара­сын­дағы қылмысты азайту мен тө­мен­детудің басты жолдарының бірі – ювеналды полиция қыз­мет­кер­ле­рінің мәртебесін және біліктілігі мен жауапкершілігін көтеру деп білеміз. Мемлекет тарапынан қаржы­ландырылатын арнайы ішкі құры­лым­дар толық қайтарыммен қызмет жасауы керектігі ешқандай талас туғызбайды. Әйтсе де, бүгінгі күні өңірдегі ювеналды полиция инс­пекторлары арасында алдын алу шараларын үстірт жүргізуге бейім тұратындар кездесіп қалып жүргенін жоққа шығару қиын-ақ. Күрмеуі мол іс-шаралар кешені шеңберінде бірқатар жағдайларда нақтылық пен сындарлылық жетісе бермейтіні байқалып қалып жүр.

         Жасөспірімдер арасындағы қыл­мыс­тың алдын алу ісіне облыс­та­ғы білім беру орындары да сүбелі үлес қоса алатыны айқын. Бұған дейін облыс мектептері мен колледждерінде оқушылардың жанжалдасу мен тө­бе­­лесуі, олардың бірінің өліммен аяқтал­ғаны – олардың жүргізіп келген профилактикалық шараларының тиімсіздігі мен пәрменсіздігінің бір көрінісі болып жүрмесіне кім кепіл?