22 млн теңге қарыз: Шымкент полицейлері 3 борышкер жүргізушіні ұстады

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында  патрульдік полицейлер қала көшелерінде қарыздан жалтарған 3 азаматты тоқтатты. 

Оның ішінде, «Toyota Highlander» маркалы автокөлігін тізгіндеген ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша  8 млн 700 мың теңге қарызы болса, «Toyota Camry 40» темір тұлпарының жүргізушісі 8 млн теңге берешекке батқан. 

Ал, «Mitsubishi Montero» көлігінің иесінде  5 миллион теңгеден астам өтелмеген қарызы бар екені анықталды. 

Жүргізушілерге  төленетін төлемдер туралы қатаң ескертілді. Ал, көліктері  “Арғымақ” айып тұрағына қамалды. Қала тұрғыны қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана автокөлігін ала алады.