26 қыркүйек Еңбек күнімен құттықтау

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

«Еңбек –өмір мәні» десек, бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі.Сіздердің лайықты,қажырлы еңбектеріңіз арқылы тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатын Қазақстан дамыған озық елдер қатарына қосылып, өзінің ұлы мұраттарына қол жеткізе алады. Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толғалы отырған Қазақстанның экономикасының қалыптасуына негіз қалаған, қажыр-қайраты мен күш-жүгерін еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген отандастарымызға зор ризашылығымды білдіремін! Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген Сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталин