29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2021 жылғы 29 тамызды Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады деп хабарлайды ҚР ҚМ Баспасөз орталығы.

– Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жаниярлық көрсетті. Ерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталады, – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, еске алады.