«2GIS» қосымшасы барар жеріңе жедел әрі тиімді алып барады

Түркістан картасы бар тегін қалалық ақпараттық қызмет пайдаланушылар үшін 24 наурыздан бастап қолжетімді болды. Аталған қосымша Түркістан облысының Цифрландыру,мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының арнайы жоспары аясында іске асырылды.

         Бұдан былай облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары бағдарламаның көмегімен қажет мекен-жайға қалай жетуге болатынын, қоғамдық көліктердің жүретін жолы мен бағытын, басқа да қажетті кез-келген сервис түрін көрсете алатын орталықтарды оңай таба алады.

Аталған бағдарлама кез келген қала және ондағы мекемелер туралы толық ақпарат табуға көмектеседі. Әр қаладағы мекемелер туралы нақты мәлімет алуға мүмкіндік бар, соның ішінде: нақты адресін, байланыс телефондарын, жұмыс жасау кестесін және т.б. Сондай-ақ, «2ГИС» сервисінде тек бизнес саласындағы нысандар емес, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер: емханалар, балабақшалар, мектептер басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар туралы мәліметтер табуға болады. Айта кетейік, «2ГИС мобильді қосымшасын» тегін GooglePlay и AppStore арқылы жүктеуге, бағдарламаныкомпьютер мен ноутбукқа 2gis.kz сайты арқылы орнатуға болады.

«2ГИС» қосымшасының қазіргі қолданушыларына қызметті пайдалану үшін тізімінен керекті қаласын таңдау жеткілікті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «Android» (планшеттер мен смартфондар) үшін ең танымал навигациялық-бағдарламалық қосымшаларды қарастыра келе, әрбір бағдарламаның өзіндік артықшылықтары бар деп қорытындылауға болады. Барлығы пайдаланушылардың талғамына байланысты. Кейбіреулер функционалдылықты және мүмкіндіктердің көп болуын таңдайды. Ал, басқалары – пайдаланудың қарапайымдылығын және параметрлердің аз болғанын қалайды. Жоғарыда аталған тізім навигатор түрлерін толық қамти алмайды, өйткені көптеген сапалы навигациялық бағдарламалар бар. Кейбіреулері жаяу немесе көлікпен дұрыс жүруге жақсы, ал басқалары саяхаттайтын көрікті жерлері таңдауға ыңғайлы. Сондықтан, «жол сілтеушіні» өз бетіңізше тексеріп, қолайлысына таңдау жасаңыз.

         Мобильді қосымшаның басты ерекшелігі — оффлайн жұмыс істеуінде. Әлемде және елімізде оң бағасын алып жатқан атақты қосымша түркістандықтар мен қала қонақтарының қолайлы жол сілтеушісі болатынына бек сенімдіміз.

Ntime.kz