Жамбылдық полицейлер «Discovery» кафесінде оқ атқан күдіктіні ұстады

Ағымдағы жылғы 7 сәуірде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен 2022 жылдың 25 ақпанында Тараз қаласындағы «Discovery» кафесінде екі тұрғынға қатысты оқ атқан күдікті ұсталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 36 жастағы Тараз қаласының тұрғыны жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен Алматы қаласынан анықталып, құрықталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖО ПД баспасөз қызметі