Түркістан облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының психолог мамандары, полиция капитандары Жанерке Ибраимова мен Сұлушаш Көшімбетова Бәйдібек ауданы полиция қызметкерлерімен кездесіп, «Жақсы лебіз» атты тренинг өткізді. Аталмыш шара полицейлер арасындағы тәртіп пен заңдылықты, сонымен қатар жеке құрам мен басшыларының қарым-қатынасын жақсарту, моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мақсатында өтті. Кездесу кезінде психолог полицейлер, әріптестерінің қоғамдағы имиджін қалыптастыруға, жеке құрамның Отанға адал қызмет етуге бағытталған құндылықтар жүйесін құруға жұмыс жасады. Осы секілді шара Төлеби АПБ-нің қызметкерлері арасында да жалғасын тапты. Мұнда жеке құрамның жүйке-психикалық күйзеліске бейімдіктерін, суицидтік тәуекел көрсеткішін анықтау мақсатында, ТО ПД психолог-инспекторлары мен діни басқарма қызметкерлері бірлесіп жасырын сауалнама өткізді. Аталмыш тренингте бірнеше мәселелер қозғалды. Жалпы мұндай ерекше кездесулердің ішкі істер саласындағы қызметкерлерге берері мол. Яғни полицейлер психологтармен тілдесіп, жақсы жағынан ой түйіндейді.
Түркістан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі