Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Түркістан облысының Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының аудандық, қалалық әкімі орынбасарларының және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары мен АХАТ саласының қызметкерлерінің қатысуымен сканерленген азаматтық хал актілері жазбаларын өзектендіру жұмыстарын жандандыру мәселелері бойынша талқыланды.Семинар барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, акт жазбаларды өзектендіруге бағытталған жұмыстар бойынша жедел шаралар қабылданып және уақытылы аяқтау мақсатында өзектендіру мерзімі және процессі қатаң бақылауға алынды.Семинар соңында қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Түркістан облысының Әділет департаменті