Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Сауран ауданы, Жүйнек ауылының тұрғындарымен жүздесті.
• Бақытжан Жармаханұлы Республикалық референдумда қаралатын мәселе — Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы атап өтті.
• Спикер «А.Югнаки» атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен де кездесу өткізіп, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
• Жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды.
• Тұрғындар мен мектеп ұжымы өз тараптарынан еліміздің Ата заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді.