Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес елді-мекендерді инфрақұрылыммен қамтудың 2021-2025жж. арналған жоспары бекітілген. Аталған жұмыс жоспарға Айнатас тұрғын алабы да енгізілген.
⚜Айнатас тұрғын алабы 2014 жылы Түркістан облысының Төлеби ауданынан Шымкент қаласының әкімшілік-шекаралық аумағына қосылған.
⚜Елді-мекендегі басты көшелерге аялдамалар орнатылып, қалаішілік қоғамдық көлік жүргізілді.
⚜2019 жылы тұрғын алапты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында 254 тұрғын үйге арналған ескі электр желілері мен трансформаторлар жаңартылып, бетон бағаналар орнатылды.
⚜Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында 1-дана ашық спорт алаңшасы салынды.
⚜Ағымдағы жылы тұрғын алаптағы орталық Айнатас көшесіне 2,3 шақырым жарықтандыру шамдары орнатылды.
⚜Тұрғындардың ұсынысына сәйкес «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында #126 мектеп жанында балалар ойын алаңшасын құруға бюджеттен қаржы қаралды, жыл соңына дейін ойын алаңшасы балалардың игілігіне тапсырылады.
⚜Елді-мекендегі 13-көшенің 2-і (Шоқтас, Орталық) қала аумағына қосылғанға дейін асфальтталған болса, қалаға қосылғаннан кейін осы 2-көше қайта жаңартылып, аяқ жолдар салынды. Одан бөлек, 11-көшеге шағал тас төселді. Ағымдағы жылы шағал тас төселген көшелердің 10-көшесін асфальттау жоспарда бар. Қазіргі таңда мердігер мекеме «ПРОФИЛЭНД» ЖШС-і Бесқұлан, Сарыөзен, Құмтөкей, Ақшығанақ көшелеріне асфальт жабынының бірінші қабатын төседі. 6-көшеге асфальт қабатын төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын алапта қалған 1-көшені (Бұғылысай) асфальттау 2023 жылға жоспарланған, жыл қортындысымен асфальтталған жолдардың үлесі 100 пайызға жетеді.
⚜Айнатас тұрғын алабының халық шоғырланған негізгі аумағы ағымдағы жылы инфрақұрылыммен толық қамтылады. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан жаңақұрылыс аймағындағы 5 үй мен 12 жер учаскесін сапалы электр қуатымен және орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалар (ПСД) әзірленді құрылыс жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі. Сонымен қатар, 17-абонентті табиғи газбен қамту үшін 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Жалпы тұрғын алаптың инженерлік жүйелермен қамту көрсеткіші 93,3 пайызды құрайды, 2024 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіштер 100 пайызға жеткізіледі.
«Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі