Бүгін «Қала күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының «Сайрам» шағынауданындағы №№7,10 көпқабатты үйлер ауласында ойын алаңшасы балалардың игілігіне тапсырылды. «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысқан тұрғындардың ұсынысымен ағымдағы жылы көпқабатты 66 үйдің аулаларын абаттандырумен қатар балалар ойын алаңдарын құру, одан бөлек жеке тұрғын үйлер секторында 7 балалар ойын алаңшаларын құру жоспарланған. Қазіргі таңда 35 көпқабатты үйдің аулаларында жұмыстар жүргізілуде. Аталған жоба аясында былтырғы жылы көп қабаттаы 41 үйдің ауласы абаттандырылған. 2023 жылға арналған жұмыс жоспарды құру мақсатында қазіргі таңда «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардан ұсыныстар қабылдануда. Ұсыныстар қабылдау ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан басталды, 20-маусымда аяқталатын болады, бұл туралы алдын-ала бұқаралық ақпарат құралдарында және әкімдікдіктің әлеуметтік желілерінде хабарландырулар жарияланды. Жобаға қатысу бойынша аудан әкімі аппаратының мамандары тұрғындарға әдістемелік көмек көрсетеді, 43-30-40 телефон номеріне хабарласып, қосымша ақпарат алуға болады.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты