Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі аясында Жастар ресурстық орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы ұйымдастыруымен жас мамандармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесуде ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.Раева мемлекет тарапынан жас буынға бағытталған мүмкіндіктер мен артылған үміт, іске қызығушылық пен кәсіпке адалдық аясында сөз қозғады.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары М.Кемелов жобада қойылған талаптар, іріктелген азаматтарға артылған жауапкершілік пен артықшылар бойынша баяндады.
Ал, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлектері мен білім алушылары кәсіби және жеке құзыреттіліктерін арттыру, халықаралық тағылымдамадан өту, қос дипломды білім алу, оқу кезеңінде жұмыс пен лауазымды сақтау мүмкіндіктерімен жас мамандарды таныстырды.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар мемлекеттілікті нығайтудың әрі еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың ең маңызды факторына айналуы тиіс мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді жұмысы мәселелерін талқылады.
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті