Түркістан облысында «109» бірыңғай желісі іске қосылды. Аз уақыттың ішінде тұрғындар тарапынан үлкен қолдау мен сүйіспеншілікке ие болған бастама игілігін ендіТүркістан облысындағы ағайын да көре алады. Байланыс орталығына ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалуға болады. Түркістан облысында халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында іске асқан жоба тұрғындар мәселесін пайымды шешпек.
Енді жарық жалпы тұрғын-үй коммуналдық жүйесіндегі ақау мен апаттық жағдайларда, жылу, су, газ, мекеме аралап, әуре сарсаңға түсудің қажеті жоқ. Байланыс орталығына ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалуға болады. Атап өтерлігі, «109» қызметі бұрын тек Түркістан мен Кентау қалаларында болған. Енді бұл жүйе бүкіл облысты қамтитын болады. Бүгінде облыс көлемі бойынша 3 628-ден астам өтініш қабылданып, оның 90%-дан көбі шешімін тапқан. Жоба облыс және қала әкімдігінің қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асуда. 109 — байланыс орталығының Іnstagram (@turk.obl_109), whatsapp (87011313109), facebook (байланыс орталық) парақшалары және «aikey-109» қосымшасы арқылы өтінімдерді қабылдауға дайын.
Айта кетейік, аталмыш жобаның Шымкенттегі ұйым мүшелері күніне жүздеген қоңырау түсіп, қала тұрғындары көкейдегі мәселелерімен бөліседі. Халықтың басым бөлігін қоғамдық көлік, жол, инфрақұрылым, аула тазалығы толғандырады, — дейді мұндағы мамандар. Арыз-шағым түскен бойда орталық қызметкерлері жауапты мекемелермен жұмыс жасауға кіріседі. 1 мәселенің шешілуіне ауқымына қарай уақыт кетеді. Кейбірі әпсәтте шешімін тапса, кейбіріне біршама уақыт керек. Бірақ, оператор арызданушымен кері байланыс орнатып, мән-жайды бақылап отырады. Тек бұл емес, тұрғындар жоғалған заттарын да осы орталық арқылы тауып жатады. Орталыққа тіпті психологиялық маман кеңесіне мұқтаж жандар да хабарласатын көрінеді. Енді түркістандықтар да мәселелерін мамандардың көмегімен жылдам әрі пайымды шешетін болады.
Ntime.kz