Түркістан облысының полицейлері заңсыз 100 келіге жуық балық аулаған браконьерді ұстады деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жетісай ауданы аумағындағы тоғайлық алқаптар мен өзен-суларда заңсыз балық аулау деректерін анықтау, алдын алу мақсатында Жетісай АПБ ЖПҚ қызметкерлерімен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Осындай кезекті тексеру кезінде полицейлер Үтіртөбе ауылына қарасты Шардара су қоймасы маңында жергілікті тұрғынның заңсыз түрде шанышқы (астрага) пайдалана отырып, балық аулап отырғанын анықтады. Ұсталған жас жігіттен айғақты зат ретінде резеңке қайық, 3 метрлі шанышқы (астрага) және 50 данадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленіп алынды. Балықтардың жалпы салмағы 93 келіні құрады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335 бабымен «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» тіркеліп, СДТТБТ-не қылмыстық іс енгізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын Жетісай АПБ-не жеткізілді. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулап, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы заң аясында жауапқа тартылуға әкеліп соғатынын ескертеді.
Нелегальный рыболов задержан в Туркестанской области
Полицейские региона взяли с поличным браконьера, который выловил около 100 килограммов рыбы передает пресс-служба акима Туркестанской области.
Для выявления и предупреждения фактов незаконного рыболовства в водоемах и реках Жетысайского района сотрудники МПС местного РОВД постоянно проводят рейдово-профилактические мероприятия.
В ходе очередной такой проверки полицейские установили, что в районе Шардаринского водохранилища в селе Утиртобе местный житель незаконно ловил рыбу. У задержанного молодого человека в качестве вещественного доказательства изъяли резиновую лодку, трехметровую вилку (астрагу) и более 50 штук незаконно выловленной рыбы. Общий вес улова составил 93 кг.
По данному факту возбуждено уголовное дело по статье 335 УК РК «Незаконная добыча рыбных ресурсов, других водных животных или растений». Полицейские Туркестанской области предупреждают, что незаконный вылов рыбы, а также уничтожение животных и растений, занесенных в Красную книгу, влечет за собой привлечение к ответственности в рамках закона.