Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында, облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Алтын бұлақ» базарында және Отырар ықшамауданында санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жәрмеңке өткізілді деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Халыққа тиіміді бағада облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастырумен жәрмеңкеде 14 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылымға шығарылды. Оның ішінде: (ұн – 130 тг, қант – 205 тг, картоп – 89 тг, сәібіз – 76 тг, пияз – 56 тг, рожки – 186тг, күріш – 245 тг, тұз – 43) теңгеден сатылды.
Облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолжетімді жасау мақсатында, Түркістан қаласының аумағында орналасқан 13 әлеуметтік дүкен мен 5 ірі супермаркетте күнделікті ұн – 130 тг, қант – 205 тг, картоп – 89 тг, сәібіз – 76 тг, пияз – 56 тг, рожки – 186тг, күріш – 245 тг, тұз – 43 теңгеден екенін хабарланады.
Азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз өскен жағдайда, өсуінің себептерін анықтау бойынша облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне тапсырма берілді. Бағаны қолдан өсіргендерге тиісті шаралар қаралған.
Туркестан: цены на продукты стабильны
Чтобы цены на социально-значимые продовольственные товары не росли, в областном центре — городе Туркестан на рынке «Алтын Булак» и в микрорайоне Отрар прошли ярмарки с соблюдением санитарно-эпидемиологических норм передает пресс-служба акима Туркестанской области.
Мероприятия организовал акимат области и АО «СПК «Түркістан». По доступным населению ценам продали около 14 тонн сельхозтоваров. В частности, муку – по 130 тенге за один килограмм, сахар – 205 тг, картофель – 89 тг, морковь – 76 тг, лук – 56 тг, рожки – 186 тг, рис – 245 тг, соль – 43 тг.
Также для стабилизации цен на социально-значимые продукты питания акимат области в 13 социальных магазинах и 5 крупных супермаркетах Туркестана ежедневно продает муку по 130 тенге за один килограмм, сахар — 205 тенге, картофель — 89 тенге, морковь — 76 тенге, лук — 56 тенге, рожки — 186 тенге, рис — 245 тенге и соль по 43 тенге.
В случае необоснованного роста цен на продовольственные товары областному департаменту Агентства по защите и развитию конкуренции поручено выявлять причины роста цен. К тем, кто искусственно завышает цены, примут соответствующие меры.