2021 жылдың 24 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ол өз арызында «Самат» есімді танысы келіп, үйіне пластик терезелерін орнатып беремін деп сеніміне кіріп, алдын ала төлем ретінде «Каспиголд» қосымшасы арқылы 500 000 теңгесін алып, қайтармай жүргенін көрсеткен. Қаратау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.