Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері  барлық  мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою болып  табылады. Қылмыстың алдын алу дегеніміз, бұл –мемлекеттің, қоғамның , жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың қылмыстық  іс-әрекеттер жасауына жол бермеу .

Қала прокуратурасы отбасылық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарды алдын-алу бағытында қабылдаған шаралардың тиімділігіне талдау жұмыстарын жүргізді.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттерді алдын-алу профилактикасы бойынша мекемеаралық мәжіліс өткізілді.

Мәжілісте ағымдағы жылдың  8 айында Шымкент қаласының Полиция департаменті отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын-алу бағытында қабылдаған шаралардың тиімділігіне баға беріліп, аталған құқық бұзушылықтарды алдын-алуды күшейту мақсатында нақты іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірумен ұштасқан отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың басым екендігіне және аталған құқық бұзушылықтар алкогольдік ішкілікке салынудың салдарынан орын алатындығына назар аудару, қорғау нұсқамасы талаптарын бұзған құқық бұзушыларға заңмен белгіленген қажетті шаралардың толық қабылдануын қамтамасыз етіп, оның орындалуын бақылауға алу тапсырылды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

Ntime.kz