Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу

Нашақорлық аса қауіпті де қасіретті дерт. Нашақорлық — бұл маңызды психикалық және физикалық бұзылу, ол адамның психотроптық заттарға тәуелділігі мен теріс пайдалануынан тұрады. Нашақорлық мәселесін шешу бүгінде бүтін бір қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Бүгін Түркістан жоғары медицина колледжінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шараға арнайы ТО ПД ЕҚҚІҚБ — ның жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Ә.Әметбеков, Түркістан жоғары медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мирзахмедова, жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі Д.Кусембаева, колледж психологі Ж.Кобекова қатысты.

Жиналыс барысынд қазіргі жастардың басты проблемасы болған есірткі құмарлық пен құқықбұзушылықты жою мақсатында есірткі затының зиянын, оның адам өмірін қаншалықты құртатынымен қатар өмір сүру уақытын да қысқартатыны айтылды. Және есірткі тұтыну заңмен шектелгенін арнайы статьяның бары да ескертілді. Жастарды қорқыту, жәбірлеу, төбелес, жанжалдарға да заңның бары және жәбірленушіде болатын кейбір психологиялық стресс жағдайы туралы ескертілді.

Аталмыш шараға 60-тан аса кәмелетке толмаған жасөспірімдер қатысты.

Ntime.kz