Бірлескен жоспар аясында конференция өтті

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. 

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу –баршамыздың міндетіміз.

2022 жылы 28 қазанда М.Әуезов атындағы ОҚУ мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірлескен жоспарын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру аясында сыбайлас жемқорлық профилактикасы: басымдықтар мен перспективасы» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалдың доценті, с.ғ.к. С.Рысбаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жетекшісі Г.Дулатова баяндама жасады.

Конференция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланды.

Ntime.kz