Кезекті кездесу өтті

Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Шымкентте Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы кеңінен түсіндірілуде. Осы бағыттағы кезекті кездесу Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтті.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова қатысып Тұжырымдаманың негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, онда зардаптар мен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Іс-шара барысында Ж.Әлжанова өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге алып әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасынан хабардар етіп, басты критерий — нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы екендігін атап өтті.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласу қажеттігі хабарланды. Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды.

Ntime.kz