Шымкент қаласында жыл басынан бері 217 жол-көлік оқиғасы орын алған

Шымкент қаласында жыл басынан бері 217 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 291 адам зардап шеккен. Оның 30-ы қаза тапқан. Бұл көбінесе жол қозғалысы кезіндегі қолайсыздықтың салдарынан орын алады.

Олқылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшыларымен бірге қоғамдық көлікпен қала көшелерін аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

         Мегаполисте тұрғындар мен жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіретін бірқатар аумақтар бар. Оның ішінде ретсіз қойылған жол белгілері мен үнемі кептеліс орын алатын көшелер біздің басты назарымызға алынды.

Атап айтқанда, көшелерде орнатылған жол белгілері мен қоғамдық көліктерге арналған аялдамалардың орнын ауыстыру мәселелері талқыланды. Өйткені, көптеген аялдамалар көше қиылыстарына тым жақын орналасқандықтан үлкен автобустардың бағдаршамға жақын тоқтауы, өзге көліктердің жол қозғалысына үлкен кедергі келтіреді. Сондықтан, осындай аялдамалардың тізімі жасалып, орнын ауыстыру бойынша ұсыныстар жасалды.

Оның ішінде, «Самал» және «Акбар» базарларының маңындағы кептелістің себебін анықтап, салдарымен күресу қажеттілігі туындап отыр. Қала аумағындағы мектептер мен балабақшалардың маңында орнатылған жылдамдық есептегіш камералардың түнгі уақытта 60 км/сағ жылдамдыққа дейін көтеруге мүмкіндік беру мәселесі талқыланды. Қала аумағы бойынша мұндай камералы белгілердің саны 12 жерде ғана болғандықтан, олардың жұмысын осындай ауыспалы режимге өзгерту ұсынылды.

         Әкімшілік полиция басқарма бастығы полковник Ерғали Сулейменовтың мәлімдеуінше алғашқы камералардың орнатылған кезеңде күндігіне 3500-ге жуық жол ережесін бұзу фактілері тіркеліп отырған болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш күндігіне 500-ге дейін ғана тіркелуде екен. Оның ішінде көбісі тоқтауға болмайтын жерлерге көліктерді қалдыру фактілері бойынша дейді. Демек, жол ережесін бұзушылардың саны анағұрлым азайған. Талқыланған мәселелерді негізге ала отырып, нақты шаралар қабылдау үшін Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нұсқамалар жолданды.

Ntime.kz