Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Қазіргі кезде отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблемалар қатарына шығуда.Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға  қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Қалтаева көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі тұрғын ұлы алкогольді ішімдіктерге құмарланып, өз жолынан адасып, теріс бағытқа кетіп қалғанын және соның салдарынан үйде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жайты жиіленгенін байқайды. Осы туындаған күрделі мәселемен жалғыз өзі күресе алмайтынын түсініп, «102» сымтетігіне қоңырау шалып, полицияға жүгінді.

«Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл тұрғыда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді шаралар үлкен рөл атқарады», — деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында.

Шақыртуға бірінші барған Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Оразбекұлы Медет әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Тасқұлова Жұлдыз және полиция лейтенанты Төребай Аселге хабар береді. Себебі кез-келген алкогольді ішімдікке құмар азаматты ішімдікті қолдануды тоқтату, оны тура жолға салу, қоғамда өз орнын табуға көмектесу, денсаулығын дұрыстау, проблеманы тамырымен жою оңай шаруа емес. Бұл әр түрлі сала мамандарын (полиция, психолог, дәрігер, жергілікті атқарушы органдар және жақын туыстары) қамтитын кешенді жұмысты талап етеді.

Полиция қызметкерлері екеуінің хал жағдайын сұрап, олармен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізіп, құқықтық кеңес берді. Қазіргі таңда анасының арызы бойынша 35 жастағы ұлы наркологиялық диспансерге 1 айға емделуге орналастырылды.

Ntime.kz