Ерен еңбек иелері құрмет тұғырынан көрінді

Президеніміздің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам идеясын ілгерілету шеңберінде «Еңбек жолы» конкурсы жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейде өткізіліп келеді. Конкурсты өткізу мақсаттары: ұрпақтар сабақтастығын сақтау; еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау; жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу.

Конкурс ережесінің талаптарына сәйкес Шымкент қаласы бойынша өңірлік деңгейде іріктеу жұмыстары жүргізіліп, «Еңбек жолы» конкурсына жалпы 28, оның ішінде: «Үздік еңбек әулеті» номимнациясына – 7; «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясына – 14; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына – 7 үміткер ниет білдірді.

         2022 жылы 28 қазанда Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырысында номинация жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

         Аталған номинация бойынша I орын иегері Аубакиров Усенхан Жакыпулы — байланыс саласында 36 жыл үздіксіз еңбек өтілі бар, оңтүстік өңірдегі «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасының өкілетті өкілі, экономика ғылымдарының кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2001 жылы «Құрметті байланысшы» атағымен, 2015 жылы «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген және көптеген түрлі марапаттарға ие болған.

         II орын иегері Акимов Нуржан Тилегенович 2021 жылдан бастап «Танатар» ЖК басшысы ретінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің су тарату, оның қаражатын жинау қызметін көрсетуде. Су саласындағы жалпы жұмыс өтілі — 29 жыл. 2015 жылы «Қажырлы еңбегі үшін», 2016 жылы №37 бұйрығына сәйкес «Үздіктік белгісі» кеуде белгісімен, 2017 жылы «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, 2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

         III орынмен № 124 жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Аманқұл Назым Берікқызы — білім саласында 1 жыл 6 ай.

Ntime.kz