Тазалық-денсаулық кепілі. Айналаны таза ұстау әрбір адамның міндеті. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстауға жалпы қоғам болып ат салысуымыз керек. Түркістан қаласы «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында Қала әкімі Н.Тұрашбековпен бекітілген жоспар бойынша Қалалық ішкі саясат бөлімімен «Қала тазалығы» тақырыбында кезекті рейдтік іс-шара өткізілді, аталған шара Яссы секторы аумағын қамтыды. Нәтижесінде көшеге қоқыс тастаған тұрғындарға және жеке кәсіпкерлер дүкен егелеріне ауызша ескерту жасалынды, сондай-ақ 2 тұрғынға айыппұл салынды, 2 тұрғынға ескерту хаттамасы толтырылды.