Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.
Ал Түркістандық тәртіп сақшылары хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сезіктінің үйіндегі диванның қуысына жасырылған газет орамасын тапты. Оның ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол «кептірілген марихуана» болып шықты.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты Қылмыстық Кодексінің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда.
Тәртіп сақшылары азаматтарға есірткі заттарын сақтау және оның заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салады.