Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою болып табылады.
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 20.09.2022 күні «Ұл бала -ұлт қорғаны» тақырыбында 8-11 сынып ұлдар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып,құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен,жасөспірімдердің құқықтық міндеттерімен таныстыру.
Күн тәртібінде:
1.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық
2.Мектептің ішкі тәртіп ережесі
3.Түрлі мәселелер
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Е.Есенбаева мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, мектеп формасы, асханадағы тәртіп ережесі, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері жөнінде, сонымен қатар оқушыларды тәртіпке шақырды, жол қауіпсіздігі ережелерімен, кешкі уақытта сыртта жүрмеу және құқықбұзушылыққа жол мермеу керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жөнінде инспектор А.Смайлов әңгіме жүргізді.
Мектеп психологы Р.Халилаева оқушыларға психологиялық кеңестерді айтып өтті.