Сана тазалығы- қала тазалығы. Қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның жанашырлығын қажет етеді.Қаланың көрікті әдемі болуы тазалықты талап етеді. Соңғы жылдары Түркістан қаласының ауқымы кеңейіп, күн санап қарыштап дамуда. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында.Тұрғындар денсаулықтың кепіліне айналған аула, көше, қала тазалығын сақтау арқылы өзі үшін салауаттылыққа жол ашады. Қоршаған ортаның тазалығы- бұл мәдениеттіліктің айрықша көрінісі.Осы ретте қала тұрғындарының мәдениеттілігін арттыру өте маңызды.
Түркістан қаласы «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында Қала әкімі Н.Тұрашбековпен бекітілген жоспар бойынша Қалалық ішкі саясат бөлімімен «Қала тазалығы» тақырыбында кезекті рейдтік іс-шара өткізілді, аталған шара Отырар секторы аумағын қамтыды. Нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 1 орта кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік айыппұл салынды және 3 жеке тұлғаға ескерту хаттамасы толтырылды.