Германияның Дортмунд қаласында өткен робототехникадан әлемдік олимпиадада Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ж. Жабаев атындағы №26 мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш 15 000 команда арасынан 2-орынды иеленгені өздеріңізге мәлім.
Иманғали мен Бибарыс Абзал Қалдыбайұлының жетекшілігіндегі Robo Park үйірмесіне 2019 жылдан бері қатысып, робототехника бойынша білімдерін жетілдіріп қалалық, республикалық, әлемдік деңгейдегі білім бәйгелерінде орын алып жүр.
Одан бөлек осы жарыста № 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп –интернатының оқушылары Тойлыбаев Олжас пен Қаныбек Әмина үздік 8 команда құрамына еніп, 6 орынды иеленді.
Үшінші мегаполис шәкірттерінің мұндай жетістікке жетуі бірінші рет немесе кездейсоқ емес. Мысалы, қараша айының 4-5 аралығында Қарағанды қаласында өткен «RoboLand-2022» VII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновацияллар фестивальінде №80 ІТ мектеп-лицейінің
8-сынып оқушысы Есбол Нұрасыл мен 9-сынып оқушысы Жақсылық Миіржан мектеп мұғалімі Есенбеков Құрбанның жетекшілігімен 800-ге жуық команда арасынан шығармашылық бағыт бойынша І орынға ие болды. Дарынды оқушылар болашақта еліміздің ең мықты жоғары оқу орындарында білім алып, кәсіби инженер-робототехник боларына сенім мол!
Жалпы Шымкенттегі мектептердің 85%-ында робототехника кабинеті бар. Барлық кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен жарақталған. Мұғалімдердің де біліктілігі жоғары, оқушыларға бар жағдай жасалып отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі