Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының мақсаты — еліміздің ұлттық тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау, заңсыз көші-қонды қысқарту мен сұрыптаушылық көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон процестерінің келеңсіз салдарын азайту болып табылады.
Еліміз бүгінде әлемдік көші-қон үдерісінің белсенді қатысушысы. Осыған орай, прокуратура органдары көші-қон саласындағы заңдардың орындалуын кеңінен нығайтуда. Жүргізілген арнайы тексеру жұмыстары нәтижесіне сәйкес Қазақстанда көптеген шетелдіктердің заңсыз жүргендігі анықталып отыр.
Нақтырақ айтқанда, шетелдіктердің бірі елде болу жөніндегі ережені бұзса, тағы бір жағдайда шетелдіктерді еліне қайтару жөніндегі сот шешімі орындалмаған.Сондай-ақ, миграциялық полиция бөліміне тіркелмеу, еңбек қатынастарын бұзу, тіркелген жерінде тұрақтамау сияқты заң бұзушылықтар орын алған.Мысалы: Қаратау аудан прокуратурасы аудан полиция басқармасының көші-қон басқармасына тексеру жүргізіп, 35 тұлғаның медициналық куәландыру құжаттарынсыз жалған еңбек шарттарын түзуі бойынша жасалған құқық бұзушылықтар бойынша (әкімшілік, қылмыстық, азаматтық) Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарып жіберу туралы арыздарды сотқа енгізу жөніндегі шараларды қолданбау фактілерін анықтаған.
Нәтижесінде аталған фактілер бойынша 2 қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
Бұл бағытта баплық жұмыстар қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басты назарында.
Еске сала кетейік, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, ішкі істер органдары халықтың көші-қоны мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қон саласындағы көші-қон процестерін реттеу және үйлестіруді жүзеге асырады.