Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында құқық қорғау органдарының тарапынан көптеген маңызды шаралар атқарылып жатыр.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бекітілген іс-шараға сәйкес, Әл-Фараби ауданың прокуратура өкілдері, қалалық білім басқармасы және аудандық полиция қызметкерлерінің қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдттік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату деректерін болдырмау.
Рейдттік шара барысында аудан аумағындағы басты көшелер бойында орналасқан орналасқан кәсіпкерлік нысандар, ойын-сауық орталықтары, ойынханалар толықтай зерделеніп, кәсіпкерлік нысан иелеріне түнгі мезгілде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді кіргізбеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы басты көшелер мен саябақтар аумағында заңды өкілінсіз түнгі мезгілде 23-00 ден кейін жүрген 10-ға жуық жасөспірім анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы, 2 тармағы бойынша ата-аналарына ескерту хаттамалары толтырылды.
Аталған рейдтік іс-шаралар кестеге сәйкес алдағы уақытта тұрақты жалғасатын болады.