Мониторинг жүргізілді

Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық біздің әлеуметтік-экономикалық саламыздың бәріне кері әсерін тигізеді. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде — «ЖАҢАРУ» РҚБ Шымкент қалалық филиалы жұмыс топ құрып, Шымкент қаласы білім басқармасының Политехникалық колледж жатақханасына жаңа оқу жылына дайындық тұрғысына сәйкес мониторинг жүргізілді.

Бастаманың негізгі мақсаты: оқу орындары жатақханаларындағы студенттердің әл – ауқатын, оқыту және орналасу жағдайларын білу, өрт қауіпсіздігі талаптары және санитарлық нормалардың өз деңгейінде сақталуына мониторинг жүргізу.

Жұмыс тобының құрамында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының мүшелері: Сарсенов Хайрулла Амантайұлы (Шымкент қаласының құрметті депутаты), Ақтаев Мұқтар Бексұлтанұлы («Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының директор орынбасары), Абуова Гүлбала Елбайқызы (ҚР мәдениет қайраткері), Шымкент қалалық білім басқармасының Политехникалық колледж МКҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Э.Садыкова, Шымкент қалалық білім басқармасының Политехникалық колледж МКҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А.Арынбаев  және «ЖАҢАРУ» РҚБ ШҚФ аппарат қызметкерлері болды.

Мониторинг барысында студенттермен пікірлесіп, жастар тарапынан «сенім жәшігін» қою ұсынысы қабылданды.