Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №91 жалпы орта білім беретін мектебінде 04.10.2022 ж. күні мектебімізде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және бопсалаушылықтың алдын алу максатында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Қатысқандар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Атыкулова, ұлдар кеңесінің жетекшісі Р.Машрапов. мектеп психологы З.Байманова , сынып жетекшілері қатысты. Күн тәртібіндегі қойылған мәселелер бойынша директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Атыкулова мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.
Сондай-ақ бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екенін, осы міндеттерді іске асыру барысында Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынғанын көрсетті. Сонымен қатар спикер кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылықтары бойынша мысалдар келтірді.
Шараға қатысушылар атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде басқа да ақпарат беріп, құқық бұзушылықтың, зорлық- зоблықтың, сыбайлас жемқорлық тың алдын алу шаралары баяндалып, ұсыныстар тыңдалды.