Бүгінгі таңда құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.Қарашаның 21 күні яғни, Жаңа Қазақстанның жаңа президенті сайланып, еліміздегі жаңа бастамалардың жалғасындай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің «Оқу әдістемелік орталығында» оқу семинары өтті. Семинар тақырыбы: «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі», құқықтық сауаттылыққты арттыруды қамтиды. Семинарды «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шайдулла Жандос ашып берді. Семинарға Сауран ауданының мектеп директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары және келісу комиссиясының мүшелері қатысты.
Cалалық кәсіподақтық құқықтық бөлімінің басшысы Кидирбаева Райхан Мамашиевна білім саласының белсенді кәсіподақ мүшелеріне семинар сабақ өткізу барысында келісу комиссиясының атқарар қызметі мен жауапкершілігі туралы кең ауқымды түсінік берді. LED экранды пайдалана отырып, ерекше көрнекіліктермен өткізілген семинардың берері мол болды. Білім саласында кездесетін дау-дамайлардың ұтымды, Заң негізінде шешілуіне ықпал етіп, белсенділік танытатын, ұжымның сенімін ақтай алатын тұлға «келісу комиссиясының» мүшелері екенін атап өтті.
Семинар соңы кәсіподақ белсенділерінің сұрақтарына ұласып, өзара сұхбаттасқан кең ауқымды семинар болды. Қатысушыларға сертификат тапсырылды. Кәсіподақ белсенділерінің құқықтық сауаттылығын артттыру мақсатында өтілетін семинарлар көп болсын.