Қазіргі заманда ел ішіндегі тұрақтылық үлкен маңыздылыққа ие. Тұрақтылық болған жерде құқық бұзушылық пен қылмыс орын алмайды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Сондықтан ел ішіндегі тұрақтылық өте маңызды. Халықтың бірлігі болса ел іші тыныш болады. Осы ретте ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету өзекті мәселе. 2022 жылы 24 қараша күні сағат: 11:00-де Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Ахмет Ясауи кәсіби» колледж студенттерімен «Қазақтану» жобасы аясында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптары» тақырыбында кездесу өтілді.
Іс-шараның мақсаты — қазақ халқының салт-дәстүрлерін этнос өкілдеріне насихаттау арқылы жастардың патриоттық рухын көтеру, еліміздегі татулық пен ынтымақтың бір толқында екенін көрсете білу.
Аталмыш іс-шараға модератор Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы Оралбеков Тимур Құрбанұлы мен спикерлер «Қазақстан жобасын жүзеге асыруда өңірдегі этнос жастарының үлесі» тақырыбында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы, «Әділеттік қоғамдағы ұлттық бірегейлік мәселелері» тақырыбында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ардагер ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор Садықов Сейдулла Садықұлы, «Этносаралық татулықты қамтамасыз ету болашақ кепілі» тақырыбында Түркістан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы медиация кеңесінің мүшесі, медиатор Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы және «Өзбекәлі Жәнібеков және Қазақтану институтының еңбектері» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты Адырбек Баян Садыққызының баяндамалары тыңдалып, еркін форматта ұсыныс пікірлер айтылды.
Іс-шара соңы «Қазақтану» жобасы аясында колледж фойесінде ұйымдастырылған көрмемен таныстырылып, келген қонақтар естелікке суретке түсті.