Бүгінгі таңда қала аумағында құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұза отырып салынған құрылыс нысандары Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен заңсыз деп табылып, сот шешімі негізінде мәжбүрлеп бұзылатындығын хабарлайды.
Егер заң талаптарын, құрылыс нормаларын сақтап құрылыс жобаларын жүргізген жағдайда, нысан заңды құрылыс болып табылады. Осы орайда, қала тұрғындарын құрылыс бастар алдында келесі талаптарды сақтауға шақырамыз:
— объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алу.
— құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу. (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы-АПЗ).
— эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу (Эскизный проект)
— жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу (Экспертиза).
— мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісім-шарт жасау.
— мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау әрекеттерін орындау қажет.
Тапсырысшы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны мемлекеттік ақпараттық жүйесі elicense.kz порталы арқылы хабарланады.
Аталған талаптар сақталмай құрылыс жүргізген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап, 463 баптың 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Және 40 – 580 АЕК аралығында айыппұл салынатын болады.
Сондай –ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244 бабына сәйкес сотқа талап арыз жолданып, сот шешімі негізінде өз бетінше салынған құрылыстың өз есебінен бұзылуына әкеп соғады.