Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп оқушыларының тәрбиесінің мәні маңызды. Қазіргі кезде ата-ана тәрбиесі, содан соң мектеп қабырғасындағы ұстаздар сабағы баланың түрлі құқық бұзушылық жасамауына септігін тигізеді.
Бүгін Түркістан қаласы Ж.Ташенов атындағы №23 ІТ-мектеп-лицейінде «Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 5-7 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Утепова ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.
Мектеп психологы Г.Өтепова мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты.
Қыздар клубының жетекшілері А. Сейтбекова мен А. Дүйсенбі кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті.
Қыз баланы тәрбиелеу — ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.