АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — адамға өте қауіпті вирустардың бірі. АИТВ иммундық жүйені зақымдайды. Нашақорлық пен АИТВ алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру барша қоғамның міндеті.
Полиция департаментінің қызметкерлері Жастар ресурстық орталығымен бірге нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу мақсатында кездесу өтті. Аталған іс-шараның мақсаты — АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды спортқа баулу.
Басқосуға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Ержан Әбуталиев, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің мұғалімі Назира Жургенбаева, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Жанар Зайнулина, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Ерлан Нурбаев, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы, Әлем кубогының (Москва каласында өткен) күміс жүлдегері, Чехия елінде Карловый Вары каласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бексултан Алжанов мен Арайлым Әбдіразақова, Жастар ресурстық орталығының маманы Айжарқын Қалмурзаева және Саз колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шара барысында сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Сонымен қатар, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.