Заң дегеніміз — мемлекет белгілеген құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. Елімізде адам құқықтарының бұзылатын жағдайлар халықтың өз құқықтарын жете білмеуінен орын алып жатады. Халықты құқықтық сауаттандыру,олардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін құқық қорғау органдарымен көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы аясында 01.12.2022 жылы Әл-Фараби ауданы прокуратурасы басшылығының, Әл-Фараби ауданы әкімінің, «АМАНАТ» партиясының, қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясының, халықты жұмыспен қамту орталығының, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерінің қатысуымен “Су ресурстары-маркетинг” ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Жалпы аталған ЖШС-де еңбек шарты бойынша 930 адам жұмыс жасайтындығы белгілі болды.
Кездесу барысында топ өкілдері еңбек және санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, жалақының уақытылы әрі толық төленуіне байланысты талаптардың сақталу жағдайымен танысып, оларға еңбек заңмаларының сақталуы бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында еңбек ұжымына еңбек және басқа да әлеуметтік сұрақтар бойынша прокуратура мен құзырлы органдарға кез-келген уақытта жүгінуге болатындығы түсіндірілді.
Сонымен қатар осы акцияның аясында қалада “Қазпошта”АҚ “Шымкент почтамты” филиалының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Жалпы аталған филиалда еңбек шарты бойынша 410 адам жұмыс жасайтындығы белгілі болды.