Қылмыссыз жарқын болашақ апталығы

Шымкент қаласы Білім басқармасының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» 29.11.2022 жылы «Қылмыссыз жарқын болашақ» апталығы аясында Директордың ТІЖ орынбасары А.Тажибаева, педагог-психолог А.Сарсенбаева және әлеуметтік педагог Ж.Алхожаеваның ұйымдастырумен колледж студенттерне ақпарат алуын арттыру мақсатында «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының әлеуметтік қызметкері Ш.Юсупжанова, Б.Сүгірәлиева және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті дінтанушы, теолог М.Беспаев Шымкент қ. ПД Әл-Фараби ауданның полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің маманы А.Төреханмен бірлесе тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді анықтау және оларға көмек жайлы ақпарат берілді. Ақпараттандыру барысында бейнероликтер көрсетіліп, буклеттер мен қызғылт сары ленталар таратылып, кеңестер берілді. Зорлық-зомбылықтың түрлері түсіндіріліп, «Сана Сезім» ӘБҚО ҚБ орталығында ұсынылатын көмек түрлері атап өтілді.

Сондай ақ 28.11.2022 жылы осы колледжде  Жастар ресурстық орталығымен бірлесе «Қылмыссыз жарқын болашақ» апталығы аясында колледж Акт залында психологиялық кездесу өтті.

Жобаның мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында жастарға зорлық-зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру. Білім алушыларға адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғау.

Кездесуге психолог Хамидуллаева Айгерим, терапевт Утемисова Жанат, Qamqor емханасының гинеколог Есқараева Замира, Жастар ресурстық орталығы психолог маманы Айда Қалдыбай, колледж педагог-психологы А.Сарсенбаева, әлеуметтік педагог Ж.Алхожаева және І курс студенттері қатысты.

Аталмыш шара барысында сала мамандары жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында өзіне қол жұмсау аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту мәселелері айтылып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғасатындығын жеткізді.

Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.